MEMORIST MEMORIST
Насыров Султан Мажитович
Страница памяти Естелік парағы

Насыров Султан Мажитович Насыров Сұлтан Мәжитұлы

1934 — 2016 1934 — 2016

Заслуженный труженик сельского хозяйства, руководитель и наставник. Человек, посвятивший жизнь родной земле, семье и людям. Ауыл шаруашылығына өмірін арнаған еңбек ардагері, басшы және тәлімгер. Туған жеріне, отбасына және елге адал қызмет еткен азамат.

Дата рожденияТуған күні 27 января 19341934 жылғы 27 қаңтар
Дата уходаҚайтыс болған күні 30 августа 20162016 жылғы 30 тамыз

История жизни Өмір жолы

Султан Мажитович Насыров родился 27 января 1934 года в селе Кийма, расположенном в нынешнем Жаксынском районе Акмолинской области. Его судьба с юных лет была неразрывно связана с родной землёй. Любовь к труду, ответственность и уважение к хлеборобскому делу он унаследовал от своего отца — Мажита Насырова, участника Великой Отечественной войны, награждённого орденом Отечественной войны и боевыми медалями.

Получив специальность учёного-агронома в Казахском государственном сельскохозяйственном институте, в 1958 году Султан Мажитович начал трудовой путь в совхозе «Ворошилов» на своей малой родине. Глубокие знания, трудолюбие и умение работать с людьми быстро выделили молодого специалиста.

В разные годы он трудился участковым агрономом, управляющим отделением, главным агрономом колхоза «Красный запорожец», директором совхоза «Коммуна», а затем на протяжении двадцати одного года возглавлял совхоз имени Калинина.

Под его руководством хозяйство стало одним из лучших не только в Краснознаменском районе, но и во всей Акмолинской области. Султан Мажитович внедрял новые методы агротехники, повышал культуру земледелия, объединял людей вокруг общей цели и добивался высоких результатов.

В 1976 году совхоз имени Калинина принял участие во Всесоюзной выставке достижений народного хозяйства в Москве. По итогам выставки Султан Мажитович был награждён бронзовой медалью ВДНХ.

Его труд был отмечен орденами Трудового Красного Знамени и «Знак Почёта», медалями «За доблестный труд», «За освоение целинных и залежных земель» и другими наградами. В 1992 году ему было присвоено звание заслуженного работника сельского хозяйства Республики Казахстан, а в 2013 году — звание почётного гражданина Жаксынского района.

Султан Мажитович неоднократно избирался депутатом сельского и районного Советов народных депутатов, пользовался доверием земляков, поддерживал молодых специалистов и внёс значительный вклад в развитие сельского хозяйства родного края.

Вместе с супругой Марией Мамашевной Ахметовой они прожили в любви, согласии и взаимном уважении более пятидесяти лет, воспитали шестерых детей. Их семейное продолжение — четырнадцать внуков и пять правнуков.

Султан Мажитович ушёл из жизни 30 августа 2016 года. Его достойный труд, мудрость и светлый образ продолжают жить в памяти родных, земляков и всех, кто имел честь знать его.

Жизнь человека продолжается в памяти его потомков.

Сұлтан Мәжитұлы Насыров 1934 жылғы 27 қаңтарда Ақмола облысының қазіргі Жақсы ауданына қарасты Қима ауылында дүниеге келген. Оның бүкіл ғұмыры туған жермен, адал еңбекпен және ауыл шаруашылығымен тығыз байланысты болды. Еңбекқорлықты, жауапкершілікті және жерге деген сүйіспеншілікті ол Ұлы Отан соғысының ардагері, ордендер мен жауынгерлік медальдардың иегері әкесі Мәжит Насыровтан бойына сіңіріп өсті.

Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын ғалым-агроном мамандығы бойынша тәмамдаған Сұлтан Мәжитұлы 1958 жылы еңбек жолын туған өлкесіндегі «Ворошилов» кеңшарында бастады. Білімі, еңбекқорлығы мен адамдармен тіл табыса білуі жас маманды көпшілікке тез танытты.

Әр жылдары учаскелік агроном, бөлімше басқарушысы, «Красный запорожец» ұжымшарының бас агрономы, «Коммуна» кеңшарының директоры қызметтерін атқарды. Кейін жиырма бір жыл бойы Калинин атындағы кеңшарды басқарды.

Оның басшылығымен Калинин атындағы кеңшар Краснознаменск ауданындағы ғана емес, бүкіл Ақмола облысындағы алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың біріне айналды. Сұлтан Мәжитұлы егіншілікке озық агротехникалық тәсілдерді енгізіп, жер өңдеу мәдениетін жетілдіруге және еңбек ұжымын ортақ мақсатқа жұмылдыруға ерекше мән берді.

1976 жылы шаруашылық Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне қатысып, оның директоры Сұлтан Мәжитұлы ВДНХ-ның қола медалімен марапатталды.

Ел игілігі жолындағы қажырлы еңбегі Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медальдарымен және басқа да көптеген марапаттармен бағаланды. 1992 жылы оған Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығына еңбек сіңірген қызметкері атағы, ал 2013 жылы Жақсы ауданының құрметті азаматы атағы берілді.

Сұлтан Мәжитұлы қоғамдық өмірге де белсене араласып, бірнеше рет ауылдық және аудандық халық депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланды. Ол көптеген жас маманға бағыт-бағдар беріп, туған өлкенің ауыл шаруашылығы мен экономикасының дамуына зор үлес қосты.

Жұбайы Мария Мамашқызымен елу жылдан астам уақыт бойы сүйіспеншілік пен өзара сыйластықта ғұмыр кешіп, алты бала тәрбиелеп өсірді. Бүгінде олардың әулетін он төрт немере мен бес шөбере жалғастырып келеді.

Сұлтан Мәжитұлы 2016 жылғы 30 тамызда дүниеден өтті. Оның адал еңбегі, парасатты болмысы, елге сіңірген қызметі мен жарқын бейнесі туған-туыстарының, жерлестерінің және оны таныған барша жанның жүрегінде мәңгі сақталады.

Адамның өмірі ұрпақ жадында жалғасады.

Жеті ата

История семьи передаётся из поколения в поколение Отбасы тарихы ұрпақтан ұрпаққа жалғасады

Сұлтан Открыть семейную ветвь в Шежіре Шежіредегі әулет тармағын ашу

Семейная история создаётся постепенно. Со временем здесь появятся страницы памяти других поколений рода. Отбасы тарихы біртіндеп толықтырылады. Уақыт өте бұл жерде әулеттің басқа ұрпақтарының естелік парақтары пайда болады.

Видео-воспоминание Естелік бейне

Место покоя Жерленген орны

Место покоя Султана Мажитовича
Открыть в 2GIS 2GIS картасынан ашу

Воспоминания и слова близких Жақындарының естеліктері мен лебіздері

Тёплые слова, истории и воспоминания тех, кто знал и любил этого человека Оны таныған және жақсы көрген жандардың жылы сөздері мен естеліктері

“

Когда я училась в третьем классе, мы с мамой переехали к дедушке с бабушкой жить. Дедушка всегда мне объяснял и учил многим вещам, помню даже подметать учил😁 летом все дети, внуки собирались в Кийме и дедушка возил нас на речку, покупал арбузы и говорил что их надо кушать с хлебом. Многие ценности он мне привил и я передаю их дальше своим детям❤️

— Акмарал

Оставить воспоминание Естелік қалдыру

Запись появится после проверки администратором. Жазба әкімші тексергеннен кейін жарияланады.